Жаңалықтар

- Қаралды: 75
Талдықорған сервис және технология колледжінің жеңісі!
2025 жылғы 29 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасында өткен облыстық спартакиадада "Талдықорған сервис және технология колледжі" ШЖҚ МКК командасы үстел теннисінен 1 орынды иеленді! Бұл жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және педагогтер арасында кәсіби байланысты нығайту. Спартакиада аясында волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және арқан тарту сынды спорт түрлерінен жарыстар өтіп жатыр. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен белсенділіктің үлгісін танытуда. Жеңіске жеткен әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Колледжіміздің атын асқақтатып жүрген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
#Спартакиада2025 #ТСТКолледжі #Жеңіс #ҮстелТеннисі #СалауаттыӨмірСалты #МұғалімдерСпортта

2024 жылдың сәуір-мамыр айларында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы («Кондитер-безендіруші» біліктілігі) бойынша оқитын С34П, С33П, С32П және Т11К топтарының студенттері кәсіби модуль аясында демонстрациялық емтихан тапсырды.
Бұл емтихандар студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, практикалық шеберлігін де бағалауға бағытталды. Болашақ кондитерлер заманауи талаптарға сай стильді әрі дәмді өнімдер әзірлеп, шеберліктерін барынша көрсетті.
* Емтихан тапсырмалары қатарында:
-
Бенто торттар дайындау
-
«Флора және фауна» тақырыбындағы мастика бұйымдарын жасау
-
Шығармашылық дизайн, заманауи трендтерге сәйкестік, дәмі мен көркем безендірілуіне ерекше мән беру

- Қаралды: 69
“Сервис және қызмет көрсету” саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауында Жетісу облысының намысын лайықты қорғаған педагогтерімізге зор алғыс білдіреміз!
* Талдықорған сервис және технология колледжінен 3 құзыреттілік бойынша қатысты.

- Қаралды: 75
Талдықорған сервис және технология колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 3-курс студенттері Түркияның Анталия қаласында халықаралық тәжірибеден өтуде! Бұл мүмкіндік JobTukiye @jobturkiye компаниясымен жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асып отыр. Тәжірибе барысында студенттер:
* Түркияның қызмет көрсету саласымен танысады
* Заманауи технологияларды меңгереді
* Аспаздық шеберліктерін дамытады
* Бұл — кәсіби өсудің, халықаралық деңгейде тәжірибе жинаудың тамаша мүмкіндігі!
#ТСТКолледжі #ХалықаралықТәжірибе #Анталия2025 #JobTukiye #КәсіптікБілім #Аспаздық #КолледжТәжірибе #TaldyqorganCollege

- Қаралды: 164
Сыбайлас жемқорлыққа – ЖОЛ ЖОҚ!
Талдықорған сервис және технология колледжінде студенттермен “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында маңызды кездесу өтті. Мақсаты: жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру.

- Қаралды: 205
21-25 сәуір күндері өткен кәсіби шеберлік чемпионатында колледжіміздің студенттері керемет нәтиже көрсетті! Талдықорған сервис және технология колледжінен 7 студент 5 құзыреттілік бойынша қатысып, мынандай жетістіктерге қол жеткізді:

- Қаралды: 64
2025 жылдың 17 сәуірінде Талдықорған қаласы педагогтері бір сәтке оқу сыныптарын спорт алаңына алмастырды. Қалада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ер педагогтері арасында шағын футболдан қалалық бақылау-рейтингтік спартакиада өтті. Ауқымды спорттық шараны Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырып, командалар арасындағы тартысты бәсекеге арена ұсынды. Ойын алаңында көзге түскен құрамалардың бірі – "Талдықорған сервис және технология колледжі" командасы болды. Жігерлі ойын өрнегі мен командалық рухтың арқасында олар құрметті III орын иегері атанды! Бұл тек футбол ойыны емес. Бұл – ұстаздардың өзара түсіністігі мен бірлігінің, мақсатқа деген табандылықтың жарқын көрінісі. Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттыру ғана емес, сонымен қатар, түрлі білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту. Технология мен тәртіпті ғана емес, допты да шебер меңгерген колледж педагогтерін құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да сәттілік пен жеңіс тілейміз! "Талдықорған сервис және технология колледжінің" ұжымы атынан аталған спорттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне зор алғыс білдіреміз. Осындай шаралар білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби және рухани дамуына, ұжымдық ынтымақтың артуына мол мүмкіндік береді.

- Қаралды: 148
Өскемен технология және сервис колледжінің базасында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студенттер арасында «Golden Hand» постижер бұйымдарының кәсіби шеберлігінің қашықтықтан өңіраралық конкурсы өтті. Бұл байқау студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, олардың кәсіби шеберлігін арттыруды көздеген маңызды шара болып табылады.
* Конкурстың негізгі мақсаты — білім алушылардың шығармашылық қызметін дамыту, жаңа білім беру технологияларын тарату және студенттердің кәсіптік шеберлігін арттыру. Бұл мақсатқа жету жолында Астана, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Ақтау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы, Маңғыстау, Ұлытау облыстары мен жақын шетелдерден 36 студент қатысты.

- Қаралды: 351
2025 жылдың 4 сәуір күні Талдықорған қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында волейболдан бақылау-рейтингтік спартакиада өтті. Бұл ауқымды спорттық шараны Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.
* Спартакиаданың мақсаты:
Спартакиаданың негізгі мақсаты – білім беру саласындағы педагогтер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, кәсіби қауымдастық арасында ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту.

2-3 сәуір 2025 жыл – Алматы қаласында "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ұйымдастырылған "TAIQAZAN-2025" І-халықаралық фестивалі техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда маңызды оқиғаларға толы болды. Фестиваль барысында ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК еліміздің жетекші колледждерімен және шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатып, бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойды.

- Қаралды: 162
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында “Жұмысшы мамандықтар жылы” және "WorldSkills Kazakhstan" чемпионаты аясында “Шаштараз өнері” құзіреттілігі бойынша “Baby Skills” байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара Талдықорған сервис және технология колледжінің бастамасымен, Талдықорған қаласы білім бөлімі, №45 “Арман” балабақшасымен бірлесе отырып өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – жас тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сән мен шаштараз өнеріне қызығушылықтарын ояту, сондай-ақ болашақ мамандыққа алғашқы қадамдарын жасауға мүмкіндік беру.
Іс-шара барысында балаларға әртүрлі шаштараздық дағдыларды орындауға мүмкіндік берілді. Қатысушылар өздерінің қиялдары мен ептіліктерін пайдаланып, ерекше шаш үлгілерін жасап шықты. Байқау соңында барлық бүлдіршіндер арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

2025 жылы 19 наурызда Талдықоған сервис және технология колледжі қалалық "Спортты дамыту және бұқаралық спорттықіс-шараларды өткізу орталығымен" бірлесе "Ұлттық спорт күніне" орай іс-шара ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және ұлттық мәдениетімізді кеңінен таныту болды. Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жиында ұлттық спорт түрлері, оның ішінде тақырыбында асық ату, бес асық, арқан тарту туралы түсінік беріліп, әртүрлі сайыстар мен жарыстар ұйымдастырылды. Студенттер белсенді түрде қатысып, командалық рухты және шыдамдылықты сынады. Ұлттық спорт – біздің ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз. Бүгінгі шара арқылы біз студенттерімізге ұлттық құндылықтарды насихаттап, болашақ ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеуге үлес қосып отырмыз.

Бүгін, 18 наурыз 2025 жылы, Талдықорған сервис және технология колледжінің базасында, Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайымен» @balaalemi.kz бірлесе, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, қала мектептерінің оқушылары арасында «Family Skills» аспаздық байқауы өтті. Бұл байқауға Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайы» — ның «Аспаз» үйірмесінің оқушылары мен олардың аналары, апалары қатысты.
Байқаудың мақсаты — оқушылар арасында жұмысшы мамандықтар саласын насихаттау, аспаздық шеберліктерді дамыту, сондай-ақ ата-аналармен бірге уақыт өткізу арқылы отбасы құндылықтарын арттыру.
Байқау екі модульден тұрады:
- "Аспаз ісі" бойынша — «Тауық тағамы және канапе» әзірлеу.
- "Кондитерлік іс" бойынша — «Капкейк» десертін жасау.

- Қаралды: 194
Бүгін 14-наурыз күні колледжімізде “Жұмысшы мамандық жылы” аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы 4S10130303 «Технолог» біліктілігі бойынша «Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру» республикалық практикалық-семинары өтті.
* Семинардың мақсаты:
- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, 4S10130303 «Технолог» біліктілігі бойынша оқытудың мақсаттары, нәтижелері мен мазмұны, білім беру процесін ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру жолдары мен әдістері, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері енгізілген білім беру бағдарламасын әзірлеу тәртібін анықтау;
- педагогикалық тәжірибені жалпылау, алмастыру және тарату арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.

ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ! 2025 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен, Ұлттық колледж лигасы аясында волейболдан облыстық жарыс өтті. Жарыс алаңында өңірдің ең мықты командалары бас қосып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын үлгісін ұсынды. Осы дүбірлі додада ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК-ның қыздар командасы тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді! Бұл – жанкешті дайындық пен бірлік рухының айқын көрінісі. Команданы және жаттықтырушыны шын жүректен құттықтаймыз!

- Қаралды: 151
Бүгін Жетісу облысында «Жұмысшы мамандықтары: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы Жастар форумы өтті.
Бұл форум – біздің ортақ мақсатымызға бағытталған үлкен қадам: жас буынға сапалы білім беру, оларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дайындықты қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы тығыз байланыс орнату. Осы форумда облысымыздың колледжері алдыңғы қатардағы кәсіпорындармен ытымақтастық меморандумға қол қойылды. Облыс әкімінің орынбасары студенттерімізді «WORLLDSKILS Қазақстан- 2024» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады.

- Қаралды: 132
13 наурыз 2025 ж. Талдықорған сервис және технология колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша әдістемелік апталық аясында С24-11П тобымен кәсіптік модульден интеграциялық (теория мен өндірістік оқыту) ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы: "Семгадан стейк грильде қуырылған көкөністер, кілегейлі тұздықпен". Ашық сабақтың мақсаты-студенттерге "Семгадан стейкті грильде қуыруды" және "Грильде қуырылған көкөністер" мен "Сүт тұздығының" дәмін үйлестіріп, безендіріп ұсынуды үйрету. Іс-шараны өткізгендер: арнайы пән оқытушысы - Абесбаева А.Ж., өндірістік оқыту шебері - Иманжанова Л.У.

- Қаралды: 146
Бүгін пилоттық жоба мектеп-колледж аясында бірінші түлектер ұшып шықты.
Бұл жоба мектептегі оқушыларға колледжде оқуға берілген мүмкіндік, оқушылар мектеп қабырғасында жүріп өздеріне жұмысшы “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығы “Аспаз” біліктілігін таңдап оқып меңгерді. Соңында техникалық және кәсіптік білім беру үлгісіндегі диплом табысталды. Колледжімізде қаламыздың 5 мектебінен оқушылар жиналып 1 топ 25 білім алушыдан құралды. Оның 17- білім алушы техникалық кәсіптік білім туралы Үздік дипломмен 8-білім алушы техникалық және кәсіптік білім туралы дипломмен марапатталды. Түлетерді құттықтаймыз! Жолдарыңыз ашық болсын! Аллағы ҰБТ-дан сүрінбей өтіңіздер! Біз сіздерге сенеміз!

2025 жылдың 7 наурызында, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай колледж студенттері арасында қыздар арасында волейбол жарысы өтті.
Жарыс “Спортты дамыту және бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы дирекциясы” КММ-нің Талдықорған қаласының филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Жарыстың мақсаты – студенттердің дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, спорттың бұқаралық түрлерін дамыту және 8 Наурыз мерекесі қарсаңында әйелдерге құрмет көрсету.

Колледжде азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу өтті
«Талдықорған сервис және технология колледжі» 04.03.2025ж. азаматтық қорғаныс бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізді. Шараның негізгі мақсаты – студенттер мен қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ шұғыл әрекет ету дағдыларын дамыту.
Оқу-жаттығулар барысында практикалық эвакуация, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдай қызметтерімен өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау шаралары жүргізілді. Оқу-жаттығуларға студенттер, оқытушылар және колледж қызметкерлері қатысты.