Жаңалықтар
 
		Кестеге сәйкес 2021 жылғы 3-10 желтоқсан аралығында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша әдістемелік апта өткізілді. Апталықты өткізу келесі мақсаттар мен міндеттерді көздейді: кәсіби шеберліктің сапасын арттыру, аспаз, кондитер кәсібінің маңыздылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау.
 
		16.01.2020 жылы С 31 ПМ тобында модульдік оқыту бойынша кешенді сынақ өтті. Оқушылар практикалық тапсырмаларды орындап, шаш үлгісін, макияж жасай отырып, бейнелер қалыптастырды. Қиял және ертегі кейіпкерлерінің, үйлену тойының шаш үлгілері, кешкі бейнелер, тарихи шаш үлгілері жасалды, салон және кеңсе жұмыстары орындалды.
 
		2021 жылдың 7 желтоқсанында «Талдықорған сервис және технология» колледжінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыпта зияткерлік ойын өткізілді. Аталған іс шараның басты мақсаты «Азаматтық және патриоттық сезімдерді, өз елінің рәміздеріне, оның тарихына, дәстүрлеріне құрметпен қарауды тәрбиелеу және дамыту» болып табылады!
 
		2021 жылдың 3 желтоқсанында Талдықорған сервис және технология колледжінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Талап» КЕАҚ қолдауымен «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің даму факторы ретінде» атты республикалық семинар-практикум аясында «Қазақстанның ұлттық тағамдарын жаңғырту» тақырыбында шеберлік сағатын өткізілді.
 
		
- Қаралды: 712
2021 жылдың 19 қараша күні «Айбын» облыстық әскери-патриоттық жарысы өткізілді. Жарысқа Талдықорған қаласының "Техникалық және кәсіптік білім беру" ұйымдарының «Жас Сарбаз» клубтарының мүшелері қатысты.
 
		
- Қаралды: 666
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қазанында облыстық «Саналы ұрпақ» ерікті клубының слеты өткізілді.
 
		2021 жылдың 28-29 қазан айында «Мәңгілік елдің алып тұлғалары» мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған облыстық үздік бейнесабақтар байқауы өткізілді.
 
		
- Қаралды: 703
С22П тобының студенті Хасен Дамира, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына, "Қазақстан халқы тілдері күніне" және "Қала күні" мерекесіне орай "Талдықорған - менің қалам" атты тақырыбында эссе жазу бойынша қалалық байқауға қатысып, ынталандыру дипломымен және 5000 тг сертификатпен марапатталды!
 
		2021 жылдың 2 маусымында біздің колледжімізде Алматы облысының "WORLDSKILLS TALDYKORGAN 2021" аймақтық чемпионатының екінші кезеңі 2 құзыреттілік бойынша өткізілді: "Шаштараз ісі", "Киім дизайны және модельдеу". Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
 
		
- Қаралды: 669
Ағымдағы қашықтықтан білім беру жағдайында аса қажетті оқу-құралының бірі ноутбук екені рас. Дегенмен, барлық студенттер мен оқушылардың бұл оқу құралын сатып алуға жағдайлары жете бермейді. Еліміздің жанашыр әрі ұлтжанды азаматтарының ұйымдастыруымен «САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» қорының қайырымдылық науқаны аясында
 
		
- Қаралды: 848
«Жас маман» жобасы бұл заманға сай білікті маман әзірлеу мақсатында қолға алынған іс. Еліміздегі 600 колледждің ішінен 180 кәсіптік оқу орны таңдалып алынды. Соның қатарында біздің оқу орнымыз алдыңғы қатардағы іріктелініп алынған колледждердің бірі.
 
		Ағымдағы жылдың 11 маусым күні облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе, бәсекеге қабілетті кәсіби тігіншілерді қалыптастырудың мүмкіндіктерін таныту мақсатында «Сапалы білім – құзіретті маман қалыптастырудың факторы» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырылды.
 
		
- Қаралды: 690
Талдықорған қаласы бойынша колледждер арасында өткен волейбол жарысында, Талдықорған сервис және технология колледжінің білімгері Умарова Анель «Үздік ойыншы» атанып, қыздар командасы жүлделі 3-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
 
		
- Қаралды: 811
07.02.2020 жылы 1211062 - Тігінші мамандығы бойынша С 21 ПУ тобында өндірістік оқытудың ашық сабағы өтті, шебер — Ундизова Разия Мухаметжановна. Сабақтың тақырыбы: Конустық юбканы есептеу, салу, кесу және құру.
 
		
- Қаралды: 687
2020 жылдың 18 ақпан күні сағат 15.30-да, колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаркимбаева Суимхан Имашқызы және кітапханашы Исабекова Рысгүл Балтабайқызының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеш өтті. Осы кешке арнайы «Қазақ әдебиетіне жан берген – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 
		Талдықорған сервис және технология колледжінің ұстаздар қауымы мен бүкіл ұжымы «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданғаны туралы хабарды зор қуанышпен қабыл алды. Осы жақында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын 09.01.2020 күні колледжіміздің ұстаздар қауымы талқылады. Жиын пікірталас түрінде өтті. Талқылауға колледжіміздің тәжірибелі ұстаздарымен мен жас ұстаздары қатысты.
 
		
- Қаралды: 705
Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д. Б. Нұрлыбекова С11ПУ тобының қатысуымен «Ақымақ. Болжалдық сан есім. Таза бұлақ. Топтау сан есім» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқытудың мазмұны, түрлері мен әдістерін таңдау сабақ мақсатына сәйкес жүргізілді. Сабақ мақсатына жету үшін оқытушы келесі әдістерді қолданды: жалпылама-репродуктивті, индуктивті-репродуктивті.
 
		
- Қаралды: 838
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында айтылған. Сондықтан, білімгерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен оған деген берік иммунитетін қалыптастыру және өскелең ұрпақпен жұмыс, бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу бұл оқу орнымыздың мақсаттарының бірі болып табылады.
 
	 РУС
												РУС					 ENG
												ENG					 ҚАЗ
												ҚАЗ					