2025 жылғы 21 қараша күні жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында «Оқу сабақтарын жоспарлауда SCAFFOLD әдістемесін қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
SCAFFOLD әдістемесі — педагогтарға оқу процесін тиімді құруға, сабақтарды жүйелі жоспарлауға және нақты оқу нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи және инновациялық құрал. Уникалды колодада 100-ден астам карточка бар және ол пәніне қарамастан барлық педагогтарға қолайлы. Бұл құрал педагогтардың шығармашылық қабілетін дамытуға, сабақтарды жоспарлауда саналы шешім қабылдауға, оқыту барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға және оқу нәтижелерін объективті бағалауға бағытталған.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар SCAFFOLD карточкаларының жиынтығымен танысып, практикалық ұсынымдар мен нақты мысалдар алды. Қатысушылар сабақ жоспарын құрудағы әртүрлі стратегияларды тәжірибеде қолдану жолдарын, оқытуды тиімді ұйымдастыру әдістерін және бағалау критерийлерін пайдалану тәсілдерін үйренді. Сонымен қатар, педагогтар өзара тәжірибе бөлісіп, шығармашылық идеяларды талқылауға мүмкіндік алды.
Семинар-тренингті ұйымдастырғандар: колледж директоры Исламова Мөлдір Анварханқызы, математика пәні оқытушысы Ахметкалиева Мира Турсыновна, шет тілі пәнінің оқытушысы Щерба Светлана Алексеевна және тарих пәнінің оқытушысы Андабекова Асем Жанатқановна. Олардың кәсіби ұйымдастырушылық жұмысы мен педагогикалық тәжірибесі семинардың тиімді өтуіне және қатысушылардың практикалық дағдыларын арттыруға үлкен үлес қосты.
Бұл семинар-тренинг педагогтар үшін тек жаңа әдістемелік құралдарды үйрену мүмкіндігі емес, сонымен қатар кәсіби байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және оқу процесін одан әрі жетілдіру үшін маңызды платформа болды.
РУС
ENG
ҚАЗ
Пікірлер қосу