Жаңалықтар
 
		Бүгін, 18 наурыз 2025 жылы, Талдықорған сервис және технология колледжінің базасында, Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайымен» @balaalemi.kz бірлесе, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, қала мектептерінің оқушылары арасында «Family Skills» аспаздық байқауы өтті. Бұл байқауға Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайы» — ның «Аспаз» үйірмесінің оқушылары мен олардың аналары, апалары қатысты.
Байқаудың мақсаты — оқушылар арасында жұмысшы мамандықтар саласын насихаттау, аспаздық шеберліктерді дамыту, сондай-ақ ата-аналармен бірге уақыт өткізу арқылы отбасы құндылықтарын арттыру.
Байқау екі модульден тұрады:
- "Аспаз ісі" бойынша — «Тауық тағамы және канапе» әзірлеу.
- "Кондитерлік іс" бойынша — «Капкейк» десертін жасау.
 
		
- Қаралды: 329
Бүгін 14-наурыз күні колледжімізде “Жұмысшы мамандық жылы” аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы 4S10130303 «Технолог» біліктілігі бойынша «Жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және үйлестіру» республикалық практикалық-семинары өтті.
* Семинардың мақсаты:
- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, 4S10130303 «Технолог» біліктілігі бойынша оқытудың мақсаттары, нәтижелері мен мазмұны, білім беру процесін ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру жолдары мен әдістері, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері енгізілген білім беру бағдарламасын әзірлеу тәртібін анықтау;
- педагогикалық тәжірибені жалпылау, алмастыру және тарату арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.
 
		ҰЛТТЫҚ КОЛЛЕДЖ ЛИГАСЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ! 2025 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен, Ұлттық колледж лигасы аясында волейболдан облыстық жарыс өтті. Жарыс алаңында өңірдің ең мықты командалары бас қосып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын үлгісін ұсынды. Осы дүбірлі додада ШЖҚ "Талдықорған сервис және технология колледжі" МКК-ның қыздар командасы тамаша нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді! Бұл – жанкешті дайындық пен бірлік рухының айқын көрінісі. Команданы және жаттықтырушыны шын жүректен құттықтаймыз!
 
		
- Қаралды: 398
Бүгін Жетісу облысында «Жұмысшы мамандықтары: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы Жастар форумы өтті.
Бұл форум – біздің ортақ мақсатымызға бағытталған үлкен қадам: жас буынға сапалы білім беру, оларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дайындықты қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы тығыз байланыс орнату. Осы форумда облысымыздың колледжері алдыңғы қатардағы кәсіпорындармен ытымақтастық меморандумға қол қойылды. Облыс әкімінің орынбасары студенттерімізді «WORLLDSKILS Қазақстан- 2024» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады.
 
		
- Қаралды: 255
13 наурыз 2025 ж. Талдықорған сервис және технология колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша әдістемелік апталық аясында С24-11П тобымен кәсіптік модульден интеграциялық (теория мен өндірістік оқыту) ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы: "Семгадан стейк грильде қуырылған көкөністер, кілегейлі тұздықпен". Ашық сабақтың мақсаты-студенттерге "Семгадан стейкті грильде қуыруды" және "Грильде қуырылған көкөністер" мен "Сүт тұздығының" дәмін үйлестіріп, безендіріп ұсынуды үйрету. Іс-шараны өткізгендер: арнайы пән оқытушысы - Абесбаева А.Ж., өндірістік оқыту шебері - Иманжанова Л.У.
 
		
- Қаралды: 251
Бүгін пилоттық жоба мектеп-колледж аясында бірінші түлектер ұшып шықты.
Бұл жоба мектептегі оқушыларға колледжде оқуға берілген мүмкіндік, оқушылар мектеп қабырғасында жүріп өздеріне жұмысшы “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығы “Аспаз” біліктілігін таңдап оқып меңгерді. Соңында техникалық және кәсіптік білім беру үлгісіндегі диплом табысталды. Колледжімізде қаламыздың 5 мектебінен оқушылар жиналып 1 топ 25 білім алушыдан құралды. Оның 17- білім алушы техникалық кәсіптік білім туралы Үздік дипломмен 8-білім алушы техникалық және кәсіптік білім туралы дипломмен марапатталды. Түлетерді құттықтаймыз! Жолдарыңыз ашық болсын! Аллағы ҰБТ-дан сүрінбей өтіңіздер! Біз сіздерге сенеміз!
 
		2025 жылдың 7 наурызында, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай колледж студенттері арасында қыздар арасында волейбол жарысы өтті.
Жарыс “Спортты дамыту және бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы дирекциясы” КММ-нің Талдықорған қаласының филиалының ұйымдастыруымен өтті.
Жарыстың мақсаты – студенттердің дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, спорттың бұқаралық түрлерін дамыту және 8 Наурыз мерекесі қарсаңында әйелдерге құрмет көрсету.
 
		Колледжде азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу өтті
«Талдықорған сервис және технология колледжі» 04.03.2025ж. азаматтық қорғаныс бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізді. Шараның негізгі мақсаты – студенттер мен қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ шұғыл әрекет ету дағдыларын дамыту.
Оқу-жаттығулар барысында практикалық эвакуация, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдай қызметтерімен өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау шаралары жүргізілді. Оқу-жаттығуларға студенттер, оқытушылар және колледж қызметкерлері қатысты.
- Қаралды: 200
 
		
- Қаралды: 288
2025 жылдың 24 қаңтар күні, Жетісу облыстық М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялауына орай, «Еңбекпен ер атанғандар» атты көрме ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, Талдықорған сервис және технология колледжінің С 21 ПМ тобы, топ жетекшісі Белижанов Д.С. пен бірге қатысты. Кештің құрметті қонақтары ретінде, Жетісу облысының мәдениет мекемелері, Жетісулық зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері. Сонымен қатар, Ескелді ауданының құрметті азаматы, Еңбек Ері Шайбала Әмірисақызы қатысты. Шараны өткізу аясында Социалистік еңбек ерлерінің (Н.Алдабергенов, З.Тамшыбаева) жеке заттары, XX ғасырда ауыл шаруашылығында қолданылған еңбек құралдары, «Ажар» тігін фабрикасы мен «Жетісу» аяқ киім фабрикасының тауарларымен безендірілген көрме бойынша экскурсия жүргізіледі.
 
		
- Қаралды: 294
Жетісулық жастар диалог алаңында ЖШС Айсұлу тігін фабрикасының жұмысшы мамандықтарымен танысып, мамандықтың қыр-сыры, мүмкіндіктері мен қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Диалог алаңында Айсұлу тігін фабрикасының директоры Болатұлы Жарылқасын мырза тікелей жастарымызбен сұхбат құрып, тігін фабрикасына экскурсия жасап, таныстырды. Айта кетеміз, Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін көтеріп, қоғамда жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын дәріптейді.
 
		
- Қаралды: 336
18.12.2024ж Талдықорған сервис және технология колледжінің арнайы пән оқытушысы А.А.НЕСИПБАЕВА және өндірістік оқыту шебері Б.Ж.ИСАТАЕВА «Абай облысының ББ» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған, 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының арасында «Педагогикалық тәжірибені тарату арқылы педагогтың кәсіби құзыреттілігін арттыру» атты облысаралық семинар-практикумына қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
 
		
- Қаралды: 342
09.12.2024ж Талдықорған сервис және технология колледжінің арнайы пән оқытушысы Несипбаева Арай Амангалиевна «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған "Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жағдайындағы педагогтің педагогикалық құзыреттілігі" рефлексивті семинарына қатысып, «Padlet тақтасын арнайы пән сабағында студенттердің өзін-өзі тану құралы ретінде пайдалану» тақырыбында әріптестерімен тәжірибе алмасты!
 
		11.10.2024 күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Жасанды интеллектің пайдасы мен зияны» атты қалалық пікірсайыс турнирінде Талдықорған сервис және технология колледжінің оқытушысы дебат Дәулет Жанболдың жетекшілігімен "Бірлік" дебат командасы жүлделі 3 орын алды. Құттықтаймыз!
 
		
- Қаралды: 407
11 қазан күні М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде , «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, «Балалар әдебиетінің классигі – Бердібек Соқпақбаев» тақырыбында, қарындасы Несіпхан Смағұлқызының қатысуымен мәдени шара өтті. Бұл іс-шараға облысымыздың жазушылар қоғамы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкелері, сонымен қатар, Талдықорған сервис және технология колледжінің студенттері қатысты. Аталған іс шарада, жазушының барлық туындылары шаң басқан архивтерден емес, нақты өз өмірінен алынғаны жайлы айтылды, сценалар қойылды, көрме ұйымдастырылды.
 
		
- Қаралды: 436
Талдықорған қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тіл сасатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан халқы тілдері күніне, Талдықорған қаласының 80 жылдығына орай үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері -2024» қалалық байқауы өткізілді.
 
		
- Қаралды: 409
"Абай әлемі" атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өскелең ұрпаққа атадан мұра болған қазақ тілінің қадір-қаситетін кеңінен насихаттау жолында қосқан зор үлесі үшін колледжіміздің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Сағадиева Асем Тлеулесқызы алғыс хатпен және колледж студенті Медетқызы Қаламқас 2 дәрежелі дипломмен марапатталды!
Құттықтаймыз!
 
		
- Қаралды: 458
09.10.2024 күні Талдықорған сервис және технология колледжінде 2024-2025 оқу жылында «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ» атты тақырыбында сынып жетекшілер циклдық комиссиясының төрайымы Ускембаева А.Т. кезекті отырысты өткізді.
Жиын мақсаты: білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша әдістемелік көмек көрсету, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
 
		2024 жылдың 3 қазанында Талдықорған сервис және технология колледжінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға білім саласының ардагерлері мен колледж ұжымы шақырылды. Мерекелік іс-шарада қонақтарға және ұжымдағы ұстаздарымызға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
 
		
- Қаралды: 429
Облысымыздың әр өңірінен жиналған арнайы пән оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберліктерін айқындайтын,
"Аспаз ісі құзыреттілігі бойынша «MasterSkills Жетісу - 2024» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.
 
	 РУС
												РУС					 ENG
												ENG					 ҚАЗ
												ҚАЗ					