Жаңалықтар

2021 жылдың 2 маусымында біздің колледжімізде Алматы облысының "WORLDSKILLS TALDYKORGAN 2021" аймақтық чемпионатының екінші кезеңі 2 құзыреттілік бойынша өткізілді: "Шаштараз ісі", "Киім дизайны және модельдеу". Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

- Қаралды: 593
Ағымдағы қашықтықтан білім беру жағдайында аса қажетті оқу-құралының бірі ноутбук екені рас. Дегенмен, барлық студенттер мен оқушылардың бұл оқу құралын сатып алуға жағдайлары жете бермейді. Еліміздің жанашыр әрі ұлтжанды азаматтарының ұйымдастыруымен «САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» қорының қайырымдылық науқаны аясында

- Қаралды: 781
«Жас маман» жобасы бұл заманға сай білікті маман әзірлеу мақсатында қолға алынған іс. Еліміздегі 600 колледждің ішінен 180 кәсіптік оқу орны таңдалып алынды. Соның қатарында біздің оқу орнымыз алдыңғы қатардағы іріктелініп алынған колледждердің бірі.

Ағымдағы жылдың 11 маусым күні облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе, бәсекеге қабілетті кәсіби тігіншілерді қалыптастырудың мүмкіндіктерін таныту мақсатында «Сапалы білім – құзіретті маман қалыптастырудың факторы» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырылды.

- Қаралды: 618
Талдықорған қаласы бойынша колледждер арасында өткен волейбол жарысында, Талдықорған сервис және технология колледжінің білімгері Умарова Анель «Үздік ойыншы» атанып, қыздар командасы жүлделі 3-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

- Қаралды: 739
07.02.2020 жылы 1211062 - Тігінші мамандығы бойынша С 21 ПУ тобында өндірістік оқытудың ашық сабағы өтті, шебер — Ундизова Разия Мухаметжановна. Сабақтың тақырыбы: Конустық юбканы есептеу, салу, кесу және құру.

- Қаралды: 609
2020 жылдың 18 ақпан күні сағат 15.30-да, колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаркимбаева Суимхан Имашқызы және кітапханашы Исабекова Рысгүл Балтабайқызының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби сазды кеш өтті. Осы кешке арнайы «Қазақ әдебиетіне жан берген – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Талдықорған сервис және технология колледжінің ұстаздар қауымы мен бүкіл ұжымы «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданғаны туралы хабарды зор қуанышпен қабыл алды. Осы жақында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын 09.01.2020 күні колледжіміздің ұстаздар қауымы талқылады. Жиын пікірталас түрінде өтті. Талқылауға колледжіміздің тәжірибелі ұстаздарымен мен жас ұстаздары қатысты.

- Қаралды: 630
Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д. Б. Нұрлыбекова С11ПУ тобының қатысуымен «Ақымақ. Болжалдық сан есім. Таза бұлақ. Топтау сан есім» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқытудың мазмұны, түрлері мен әдістерін таңдау сабақ мақсатына сәйкес жүргізілді. Сабақ мақсатына жету үшін оқытушы келесі әдістерді қолданды: жалпылама-репродуктивті, индуктивті-репродуктивті.

- Қаралды: 766
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында айтылған. Сондықтан, білімгерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен оған деген берік иммунитетін қалыптастыру және өскелең ұрпақпен жұмыс, бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу бұл оқу орнымыздың мақсаттарының бірі болып табылады.