Жаңалықтар

- Қаралды: 465
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы бастау алды. Бүгін Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңірдегі медицина қызметкерлері эко-акцияға атсалысып, Талдықорған қаласындағы фтизиопульмонология орталығының аумағына қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Қылқан жапырақты ағаштар адам денсуалығына өте пайдалы, әсіресе, өкпе ауруларына шалдыққан жандарға табиғи антибиотик ретінде әсер етеді. Аталған шара облыстық перинаталды орталықта да жалғасын тапты.

- Қаралды: 461
"Киелі мекен" науқаны аясында өңірдегі экобелсенділердің және волонтерлердің ұйымдастыруымен "Талдықорған - Петроглифтер елінің астанасы" атты эко-фестиваль және "Қызылтас - Тасбақа" велошеруі өтті.

- Қаралды: 423
20.04.2024ж. "Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акция аясында ұйымдастырылған сенбілікті колледж қызметкерлерімен белсенді білімгерлері бірлесе атқарып, колледж аумағына және қаламыздағы "Үш ата" ескерткішіне сенбілікті өткізіп, қаламыздың таза болуына өз үлестерін қосты.

- Қаралды: 436
КИЕЛІ МЕКЕН
“КазСуШар” мекемесі Жетісу облысы бойынша 173,1км канал жүйелерін тазартып, 10 гидробекеттер мен 54 гидротехникалық құрылымдарды жөндеуде.
Бүгінге 40км канал тазартылып, 1 гидротехникалық құрылым салынып, 4 гидротехникалық құрылым жөнделді, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
Бұған қоса 20 мың гектар егістікті суғаруға 174 млн.куб су.

- Қаралды: 401
Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды.

- Қаралды: 522
13.04.2024ж. "Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акция аясында ұйымдастырылған сенбілікті колледж қызметкерлері бірлесе атқарып, колледж аумағына сенбілікті өткізіп, қаламыздың таза болуына өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында, колледж аумағына осы сенбілікке бөлінген орындар бойынша ағаштар отырғызылып, жатақхана, оқу корпустары бойынша тазалық жұмыстары жасалынып, қураған ағаш, түскен жапырақтар т.б. қоқыстар жиналып шығарылды. Жалпы сенбілікке 102 адам қатысты.

Талдықорған сервис және технология колледжінде 29.03.24ж - 1.04.24ж аралығында С31П тобында жоспар бойынша демонстрациялық емтихан өтті. Емтиханда "Құлпынай конфитюрімен бисквитті торт" әзірленді. Сарапшылар болып колледждің әлеуметтік серіктестері Zefir.tdk, Pryanik.tdk және Fortuna FOOD кондитерлік үйлерінің жұмыс берушілері тағайындалды. Емтихан барысын сарапшылар бақылап жүріп, бағалау критерийлеріне байланысты бағалады. Демонстрациялық емтихан барысында білім алушылар жыл бойы жинаған білімдерін көрсетті. Емтихан жоғары деңгейде өтті.
- Қаралды: 471
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бойынша колледж қызметкерлері сенбілік өткізді.
Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, бүгін колледжіміздің үрдісіне айналған, кезекті сенбілікті колледж қызметкерлері бірлесе атқарып, қаламыздың таза болуына өз үлестерін қосты.
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз.

- Қаралды: 508
2024 жылдың, 16 наурыз күні Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесі күніне орай, «Келін түсіру дәстүрі» тақырыбында мәдени шара өтті. Аталған шараға, колледж кітапханашасы Исабекова Р.Б. бастамасымен, Талдықорған сервис және технология колледж жатақхана студенттері қатысты. Мақсаты:дәстүрімізді дәріптеп, ата–бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, салтымыздағы ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақ бойына қалыптастыру. Мәдени шара барысында ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан салт дәстүріміздің бірі, келін атанған шақтағы жөн-жоралғысын көрсетіп, беташар рәсімін жасап, отау жүзік салу, отау көтеру салты сынды дәстүрлерімізді жаңғыртып, тәрбиелік мазмұндағы, рухани өнеріміз бен ұлттық құндылығымызды паш ететін қойылымдарды жастарға үлгі ретінде көрсету.

- Қаралды: 468
2024 жылдың 15 наурыз күні, «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында, М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Жетісу облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай, «Архивтер сөйлейді: Тарихи құндылықтар және ұмытылмас деректер» атты көрме ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға, Талдықорған сервис және технология колледжінің кітапхана қызметкері Исабекова Р.Б. бастамасымен , топ жетекшісі Абишев А.Е., өндірістік –оқыту шебері Гмыза Е.А. С және 11ПУ тобының 22 студенттері қатысты.
Мақсаты: студенттерге туған жерінің тарихи құндылықтарын паш ету, Жерін, Елін сүюге, табиғатын аялауға баулу:

Конкурс нәтижесі. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығына сәйкес «Колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары» лауазымына және «Жатақхана тәрбиешісі» лауазымына 2024 жылдың 21-29 ақпан аралығында конкурс жарияланды.

Хабарландыру | КОНКУРС
"Жетісу облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған сервис және технология колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Бүгін, 20.07.2024ж қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай, М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде, «Хас шебердің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 50-ден астам көркем және графикалық туындылары , киген киімдері және ағаштан ойып жасалған туындылары қойылды.

- Қаралды: 486
ҚР Еңбек Кодексінің 139-бабы 1,2-тармақтарына, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім жене ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы Nº 57 бұйырығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Молдир Анвархановна Исламова «Жетісу облысының білім баскармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған сервис жене технология колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына, қаржылық және банктік құжаттарға бірінші қол қою құқығы беріле отырып, 3 ай сынақ мерзімімен 2024 жылдың 19 ақпанынан тағайындалсын.

- Қаралды: 510
2024 жылдың 16 ақпан күні, сағат 11.00-де М.Тынышпаев атындағы Жетісу облысының тарихи-өлкетану музейініде Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан мәңгі есте» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті! Осы іс шараға Талдықорған сервис және технология колледжі кітапханашы Исабекова Р.Б. және жатақхана тәрбиешісі Азаматова Л.М ұйымдастыруымен бір топ жатақхана студенттері барды.
Мақсаты:Соғыс кезінде қатерге бел буған майдангер ағаларымыздың батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен, қаһармандық танытқан ерліктері кейінгіге үлгі, болашаққа бағдар болуына ықпал ету.

- Қаралды: 544
2024 жылдың 07 ақпан күні , Талдықорған сервис және технология колледжі жатақханасында , АӘД пәнінің оқытушысы Абишев А.Е, кітапханашы Исабекова Р.Б. және колледждің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Аппасова Р.У ұйымдастыруымен, «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты, Ауған соғысы ардагері Есенбаев Мұрат Малтаевичпен кездесу өтті.

2024 жылы 22-26 қаңтар аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде "Тамақтандыруды ұйымдастыру" құзыреттілік орталығының базасында 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік оқыту технологиясының құжаттамасын әзірлеу тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Тағылымдаманың теориялық бөлігі 20-25 қаңтар аралығында онлайн (ZOOM платформасы) өткізілді, практикалық бөлім 26 қаңтар күні – офлайн форматында өткізілді. Семинардың мақсаты мен міндеттері: 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кредиттік-модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Семинар соңында, семинарға қатысушылар өздерінің негізгі идеялары мен ұсыныстарымен бөлісті.

«Педагог мамандығы тұлғаның эмоционалды жағына айтарлықтай талаптар қояды. Бұл «жүрек пен жүйкенің жұмысы», яғни күнделікті орасан зор ақыл-ой күшін қажет етеді». (В.А.Сухомлинский)
2024 жылдың 8 қаңтарында жалпы білім беру пәндері комиссиясы колледж психологы Ж.Ж.Жолдасовамен бірлесіп «Педагогтың эмоционалды күйінуі: себептері мен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

01.12.2023 ЖББ пәндер апталығы аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған Талдықорған сервис және технология колледжінде қала колледждері арасында "Қазақстан тарихы" бойынша викторина ойыны өткізілді.
Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы А.Ж. Андабекова ұйымдастырып, 6 Қалалық колледждің І курс студенттерінің қатысуымен өткізді.

- Қаралды: 807
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін, еліміздің талантты жастарының басын қосатын, дүбірлі додаға айналған «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауы бүгін аяқталды. @talap.edu.kz ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!
Талдықорған сервис және технология колледжінен қатысушы студенттері жақсы дәрежеде өздерін көрсетіп, келесі орындармен марапатталды.