Жаңалықтар

2023 жылғы 27 қараша мен 01 желтоқсан аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде жалпы білім беретін пәндер апталығы басталды, оның мақсаты жас ұрпақты шығармашылыққа баулу және жалпы білім беретін пәндерді оқытуда қолданылатын озық технологияларды игере отырып, заманауи талаптарға жауап беретін жаңа білімді қалыптастыру болып табылады. Жоспарланған іс-шаралар арқылы білім алушылардың жалпы білім беретін пәндерге деген қызығушылығын ояту және құрметін арттыру.

- Қаралды: 516
2023 жылдың 13.11.2023 - 24.11.2023 аралығында «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Талдықорған сервис және технология колледжі» колледж базасында «Техникаық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.
Курс мақсаты: Оқу іс-әрекетінің мазмұны мен нәтижесін анықтайтын негізгі құжаттарды талдау, жаңартылған оқыту нәтижелерін ескере отырып, оқу бағдарламасын әзірлеу, қазіргі педагогикалық оқыту технологияларының түрлері мен әдістері т.б.

- Қаралды: 468
30.11.23 жылдан бастап С21ПУ тобы қысқы күртешелерді конвейер ағынымен тігу бойынша «ТО Ажар» ТФ кәсіпорны базасында «ПМ05 Жаппай өндірілетін өнім өндірісі» кәсіптік практикадан өтуде.
Өнімдердің астары жылы материалдан жасалған.
Студенттер өңдеудің технологиялық тізбегін орындайды:
- ұсақ бөлшектердің орналасу орны;
- капюшонның тігісі;
- қиғаш жапсырма қалтаны дайындау;
- иық, бүйірлік бөлімдерді өңдеу;
- «TYPIKAL», «Jack» фирмаларының тігін жабдықтарын пайдалана отырып жеңдерді өңдеу.

30.10.2023 ж. Талдықорған сервис және технология колледжінің түлектеріне арнап Орталық Азия университетінің кәсіптік және үздіксіз білім беру мектебі «Мансапты жоспарлау» тренингін өткізді.

2023 жылдың 26-27 қазан күндері аралығында кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Қазақстан Республикасы күніне» орай Талдықорған жоғары политехникалық және Талдықорған жоғары медициналық колледжінің базасында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық ойыны өткізілді.

- Қаралды: 497
2023 жылдың 27 қазан күні, Талдықорған сервис және технология колледжінің С 11П топ студенттері, топ жетекшісі Абесбаева А.Ж., колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аппасова Р.У және колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б. бастамасымен, Оқушылар сарайында орналасқан Д.А.Қонаев мұражайына саяхат жасап, құнды мағлұматтар алып қайтты.
Мақсаты: Қазақ Елінің тарихи тұлғаларының бойындағы ізгілік, парасаттылық, адамдық, адалдық қасиеттерін дәріптеу арқылы, жас ұрпақтың бойына сіңдіру; жастарды өз Елін, Жерін сүюге және халқына адал қызмет етуге баулу.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген.

20.10.2023 жылы жалпы білім беретін пәндер комиссиясының оқытушылары, тәлімгерлері тарапынан Бекова Л.С. және А.Ж Андабекова жас мұғалімдермен: Әнель Искақызы және Дәулет Жанболмен семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты: жас оқытушының кәсіби қызметіне табысты енуіне ықпал ету жолында бейімделу проблемаларын азайтуға және жас мұғалімдердің кәсіби өсуіне колледжде жағдай жасау. Семинар қорытындысы бойынша жас мұғалімдердің педагогикалық қызметке дайындығы мен бейімделуіне байланысты сауалнама жүргізілді.

- Қаралды: 539
Талдықорған сервис және технология колледжінің қызметкерлері мен студенттері арасында бірнеше спорт түрлерінен «Салауатты жас ұрпақ – қоғам байлығы» атты жарыс ұйымдастырды. Колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Абильтаев Б.К., Белижанов Д.С., Расулов А.Р. ұйымдастырған Іс-шара колледждің спорт алаңында өтті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде колледж директорының міндетін атқарушы Исламова Мөлдір Анвархановна жарысты аша отырып, іс-шара спорт пен дене шынықтыру және салауатты өмір салтын ұстануды кең насихаттауға бағытталғанын белгілеп өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

- Қаралды: 524
Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында білім күніне орай «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты ашық есік күні өтті.
«Кітапхана – әлеміне саяхат» атты экскурсиямен басталып, «Тұғыры биік – тұлғалар» мерейтой иелеріне арналған және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясындағы жазушы, драматург, қоғам қайраткері Т.Әбдіктің «Шоқтығы биік жазушы» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, «Жетісуым-жұмақ мекен» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптар және «Заман ағымындағы әдебиет» жаңа түскен кітаптарымен шетел әдебиеттері таныстырылды.
Шараға колледжіміздің 1 курс студенттері қатысты.

- Қаралды: 778
«Еңбек ардагері» Қазақстан республикасының оқу-ағарту министрінің төс белгісімен марапаттауға ұсынамыз.

- Қаралды: 578
Колледжіміздің С32П тобының білімгерлері екінші біліктілік (3W10130301 - Кондитер-оформитель) бойынша кешенді емтихан тапсырды. Емтихан барысында білімгерлер жыл бойы алған білімдерінің және өндірістік іс-тәжірибенің нәтижесін көрсетті. Әр білім алушы емтихан билеттеріне сәйкес кондитерлік бұйымдарды әзірлеп, бағалауға ұсынды.

- Қаралды: 642
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Қазір елімізде ашаршылықты және 1916-1986 жылдары болған саяси қуғын-сүргін кезеңін зерттеу қарқын алды.Ал бұл деректері орналастырып, халыққа ұсынатын жалғыз мекен – мұражай болмақ.
Мұражайдың басты мақсаты – мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болған адамдардың құжаттары мен суреттерін жинау, таныстыру және насихаттау.

- Қаралды: 582
26-27 мамыр күндері Жетісу облысының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеры арасында облыстық Спартакиада өтті.
Талдықорған сервис және технология колледжінің оқытушылары:
* Волейбол ұлдар құрамасы - 2 орын
* Үстел теннисі - 1 орын иеленді.
Сонымен қатар, Семей қаласында өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды!
Құттықтаймыз!

- Қаралды: 1056
18 мамыр 2023ж. «Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен Жетісу құрылыс-техникалық колледжінде "Облыс экономикасының салаларындағы кадрларды даярлаудың проблемалық мәселелері және колледж түлектерін жұмыспен қамтудағы жаңа бастамалар" атты облыстық семинар өтті. Семинарға Жетісу облысының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшыларының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасарлары; Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері; колледждердің жұмыс берушілері мен әлеуметтік серіктестері қатысты. Мақсаты: Облыс экономикасының салаларындағы кадрларды даярлаудың проблемалық мәселелерін талқылау және колледж түлектерін жұмыспен қамтудағы жаңа бастамалар көтеру.

- Қаралды: 629
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «25» қарашадағы № «478» бұйрығы негізінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізуді жүзеге асыру мақсатында Талдықорған сервис және технология колледжі директорының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Исламова М.А. және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Калиничева Л.В. Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 9-сынып ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Исламова М.А. аталған бағдарламаның оқушыларға беретін мүмкіндіктерін айтты.

- Қаралды: 650
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында мамырдың 4 күні Талдықорған сервис және технология колледж студенттердің қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Мақсат - ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу және мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір аралығында өткен Worldskills Zhetysu 2023 аймақтық чемпионатында Талдықорған сервис және технология колледжінің 10 студенті 5 құзіреттілік бойынша 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медальға ие болды.

2023 жылдың 07 сәуірінде Талдықорған сервис және технология колледжінің құзыреттілік орталығы базасында Жетісу облысының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Тағам дизайнының заманауи өнері» тақырыбында MasterSkills облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. MasterSkills мақсаты: педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көрсету және оны одан әрі жетілдіру. Шебер-skills кәсіби түрдегі достық жағдайда өтті. Байқауға қатысушылар ыңғайлы, жақсы ұйымдастырылған жағдайда жұмыс істеді. Алаңның материалдық-техникалық жабдықталуы тамақ дайындаудың әртүрлі техника-технологиялық әдістерін қолдануға мүмкіндік берді.

- Қаралды: 542
2023 жылдың 12 сәуір күні қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жасқа толу мерейтойына орай, Жетісу облысы М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, «Өнер мен ғылым бір ағаштың бұтақтары» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеге, колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б. жетекшілігімен, Талдықорған сервис және технология колледжінің С 12П топ суденттері белсене қатысты. Жас ұрпақ бойына салт-дәстүрімізді қалыптастыру мақсатында, мұнда тереңнен тамыр тартатын дәстүріміздегі ұлттық қолөнеріміз бен тәрбиелік мазмұндағы рухани құндылықтарымыз қойылды.

- Қаралды: 642
Бүгін, 2023 жылдың 12 сәуірі – Ғарышкерлер күніне орай, Талдықорған сервис және технология колледжі С 12П топ студенттері, колледж кітапханашысы Исабекова Р.Б ұйымдастыруымен, қаламыздағы Жетісу облысының М.Тынышпайұлы атындағы тарихи өлкетану музейіне саяхат жасап қайтты. 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанғанын, сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналуын. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізгенін тамашалады.