Жаңалықтар
 
		
- Қаралды: 726
25.01.2023 ж., күні өндірістік оқыту шебері Исатаева Б.Ж. құзыреттілік орталығында облыстық тағылымдамаға белсене қатысты. Тақырыбы: Worldskills байқауына технологиялық карта құрастыру.
 
		
- Қаралды: 650
Талдықорған сервис және технология колледжінің С 11 П топ студенттері, өндірістік-оқыту шебері Калиева С.А. және кітапханашы Исабекова Р.Б. жетекшілігімен, 2023 жылдың 25 қаңтарында, Жетісу облысының М.Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған белгілі ақыны Ғали Ормановтың 115 жылдығына орай, «Әдебиет әлеміндегі лирик ақын» тақырыбында өткен мәдени іс-шараға қатысты.
 
		
- Қаралды: 925
Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін инновациялық нысандарды енгізу өзекті болып отыр. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді формаларының бірі - шеберлік сағаты сияқты заманауи форма. ТСжТК базасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Кондитер» біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Истина Ирина Алексеевна және әлеуметтік серіктес, бесінші разрядты кондитер Коляда Екатерина Витальевнаның қатысуымен С31П тобында «Мусс торттарын дайындау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
 
		2023 жылғы 4-13 қаңтар аралығында колледж педагогтары пәндік-циклдік комиссиялар ұйымдастырған келесідей іс-шараларға белсене ат салысты:
 
		2022 жылдың 28 қарашасы мен 02 желтоқсаны аралығында Талдықорған сервис және технология колледжінде жалпы білім беретін пәндер апталығы өткізілді.
 
		
- Қаралды: 691
"Үздік педагог - 2022" конкурсының ережесі
 
		
- Қаралды: 727
Оқытушыдан жүйелі креативті ойлау, ақпараттық және коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиеттері, оң имидж қалыптастыру қабілеті, белгісіздік жағдайында тәуелсіз әрекет ету және күйзеліске қарсы дағдыларын меңгеру сияқты кәсіби қабілеттер талап етіледі.
 
		Талдықорған сервис және технология колледжінде 2022 жылдың 12 сәуірінде «Езбе-көжелерді дайындау және ұсыну» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын өндірістік оқыту шебері Исатаева Бакыт Жаксылыковна ұйымдастырды. Оған С11П тобының студенттері қатысты.
 
		6 сәуір 2022ж. Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығынының ұйымдастыруымен «Цифрлық технологиялар мен өндірістегі инновациялық әдістерді оқу үрдісіне енгізу» тақырыбында Республикалық вебинар өтті.
 
		2022 жылдың 5 сәуірінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Теориялық және өндірістік оқыту сабақтарында оқытудың заманауи әдістері мен IT-технологияларын енгізу» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Мақсатты аудитория: арнайы пәндер оқытушылары, 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шеберлері.
 
		2022 жылдың 31 наурызында «Жас маман» жобасы аясында Талдықорған сервис және технология колледжінде «Шоколадты қыздыру және салқындату, одан өнімдер дайындау» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын аймақтық WS-чемпионатының бас сарапшысы, Алматы экономикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Сейтбекова Асем Кайратовна жүргізді.
 
		Бүгін кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында, біздің колледжге Талдықорған қаласындағы «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» КММ оқушылары келді.
 
		Информатика оқытушысы Балбырова Асия Муратқызы оқушылар мен студенттерге арналған "Ой күші" халықаралық пәндік онлайн-олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаудағы жоғары көрсеткіштері үшін грамотамен марапатталды. "Информатика" пәні бойынша оқушылар мен студенттерге арналған халықаралық пәндік онлайн-олимпиадада жеңімпаздарды дайындағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
 
		2022 жылдың 21-28 қараша аралығында "Талдықорған сервис және технология колледжінде" жалпы білім беру пәндерінің апталығы өткізілді. Оған 1-2 курс білім алушылары мен колледж оқытушылары қатысты. Пән апталығы – оқушылардың оқу іс-әрекетін арттырудың бір түрі.
 
		Талдықорған сервис және технологиял колледжінде «Құзыреттілік орталығы» базасында облыстық оқу-әдістемелік бөлімінің қатысуымен "Тамақтандыруды ұйымдастыру 10130300 мамандығы бойынша оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
 
		2022 жылдың 18 ақпанында, облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері басшыларының алқа отырысы аясында, Талдықорған сервис және технология колледжінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік алаңда: «07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «10120100 Шаштараз өнері», «02110300 Графикалық және мультимедиялық дизайн» және «10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша мастер-класс, сайыс-сабақ, өндірістік оқыту, теориялық оқыту, зертханалық-практикалық сабақтар көрсетілді.
 
		14.02.2022 - 18.02.2022 жыл аралығында "Талдықорған сервис және технология колледжінде" МКҚК 0723010007«Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша апталық өтті. Мақсаты: білім алушыларға мамандыққа, білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып, өз беттерінше шығармашылық, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту.
 
		07.02.2022 мен 11.02.2022 аралығында ТСжТК-де 10120100 «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша циклдік апталық өткізілді.
Апталық іс – шараларының мақсаты – оқушылардың таңдаған мамандығына қатысты белсенді ұстанымын қалыптастыру, оқушыларды білім беру процесіне тарту, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау.
 
		2022 жылдың 9 ақпанында "Шаштараз-өнері" мамандығы бойынша, жас педагог, өндірістік оқыту шебері Кенжебекова Ұлбосын Бейсенбекқызының сүйемелдеуімен" Шаштың әртүрлі ұзындығына электр қысқыштарды пайдалана отырып шашты сәндеу " тақырыбында шебер-сынып өткізілді.
 
		"Тамақтандыруды ұйымдастыру" циклдік комиссиясының әдістемелік апталығының аясында өндірістік оқыту шебері Исатаева Бахыт Жаксылыковна басшылығымен 2 курс студенттері С 21 П, С 22 П, С 23 П топтарының арасында шығармашылық және кәсіби дағдыларды анықтау үшін "Ең үздік аспаз" байқауы өтті.
 
	 РУС
												РУС					 ENG
												ENG					 ҚАЗ
												ҚАЗ					