БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
Жетісу облысы., 040000, Талдықорған қ, Н.Назарбаев даңғылы, 173/2А
8 (7282) 30-87-46
8 (7282) 30-87-30
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
БІЛІМ ЖИНА, КӘСІП ЕТ!
СЕРВИС ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КОЛЛЕДЖІ
"Талдықорған сервис және технология колледжі" ШЖҚ МКК
AA+

2025 жылдың 17 сәуірінде Талдықорған қаласы педагогтері бір сәтке оқу сыныптарын спорт алаңына алмастырды. Қалада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ер педагогтері арасында шағын футболдан қалалық бақылау-рейтингтік спартакиада өтті. Ауқымды спорттық шараны Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырып, командалар арасындағы тартысты бәсекеге арена ұсынды. Ойын алаңында көзге түскен құрамалардың бірі – "Талдықорған сервис және технология колледжі" командасы болды. Жігерлі ойын өрнегі мен командалық рухтың арқасында олар құрметті III орын иегері атанды! Бұл тек футбол ойыны емес. Бұл – ұстаздардың өзара түсіністігі мен бірлігінің, мақсатқа деген табандылықтың жарқын көрінісі. Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттыру ғана емес, сонымен қатар, түрлі білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту. Технология мен тәртіпті ғана емес, допты да шебер меңгерген колледж педагогтерін құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да сәттілік пен жеңіс тілейміз! "Талдықорған сервис және технология колледжінің" ұжымы атынан аталған спорттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне зор алғыс білдіреміз. Осындай шаралар білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби және рухани дамуына, ұжымдық ынтымақтың артуына мол мүмкіндік береді.

#Спартакиада2025 #Футбол2025 #БілімПедагогикаСпорт #СалауаттыӨмірСалты