2024 жылдың сәуір-мамыр айларында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы («Кондитер-безендіруші» біліктілігі) бойынша оқитын С34П, С33П, С32П және Т11К топтарының студенттері кәсіби модуль аясында демонстрациялық емтихан тапсырды.
Бұл емтихандар студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, практикалық шеберлігін де бағалауға бағытталды. Болашақ кондитерлер заманауи талаптарға сай стильді әрі дәмді өнімдер әзірлеп, шеберліктерін барынша көрсетті.
* Емтихан тапсырмалары қатарында:
-
Бенто торттар дайындау
-
«Флора және фауна» тақырыбындағы мастика бұйымдарын жасау
-
Шығармашылық дизайн, заманауи трендтерге сәйкестік, дәмі мен көркем безендірілуіне ерекше мән беру
* Бағалау критерийлері: дәмі, стилі, креативтілігі, өнімнің сапасы және заманауи кондитерлік үрдістерге сәйкестігі.
* Комиссия құрамында тәжірибелі мамандар мен өндіріс орындарының өкілдері болды:
-
А.Т. Сүлейменова — «Happy Cake» кондитерлік цехының аспазы
-
Е.В. Сорокина — "ELENA" кондитерлік цехының меңгерушісі
-
М.Е. Алимжан — «Green Villa Hotel Spa» шеф-аспазы
-
Арнайы шақырылған қонақ — «Номад» мейрамханасының бас аспазы Александр Смирнов
-
Ainyra's Bakery кондитерлік цехының директоры, кәсіби кондитер Айнұра Болатханқызы — студенттерге шабыт пен тәжірибе сыйлады
* Емтихан алушы — арнайы пәндер оқытушысы Д.А. Астаубаева
* Емтихан барысын бақылағандар:
-
М.Б. Кабдулдинова — оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары
-
Г.С. Тасымбекова — профилдік оқыту жөніндегі директордың орынбасары
* Нәтиже:
Барлық студенттер 85-100 балл аралығында жоғары баға алып, өз біліктіліктерін сәтті дәлелдеді. Практикалық бөлімнен “өте жақсы” нәтиже көрсеткен студенттеріміз кәсіби маман болуға толық дайын екенін паш етті.
* Болашақ шебер кондитерлерімізге шығармашылық табыс, кәсіби шыңдарға жету жолында сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
#аттестация #демемтихан #кондитероформитель #жетістік #тамақтандыруұйымдастыру #кәсіптікбілім #колледж